Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр
Алматы тұрғыны сауда орталықтарынан киім ұрлап жүрген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тергеу барысында күдікті О.есімді азаматтың 21 жаста екені және бірнеше ұрлық дерегіне қатысы бар екені анықталған.
«Жас жігіттің сатып алушының атын жамылып, сауда орындарына барып, өзіне киім таңдағаны белгілі болды. Сатушының көңілі басқа жаққа ауған сәтте ол заттарды ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған. Ұсталған азамат ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Күдіктінің жеке басын қаланың басқа жерлерінде жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғына міндетті түрде тексеретін боламыз. Осы мақсатта жедел және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.