ҚМА тұтынушыларға ескерту жасады
Қаржы мониторингі агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері құны 1 миллиард теңгені құрайтын контрафактілі автокөлік бөлшектерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Автокөлік мамандары мұндай өнімдер тез істен шығып қана қоймай, сонымен қатар пайдаланған кезде қауіп төндіретінін атап өтті – сапасыз қосалқы бөлшектер көлік жүріп бара жатқанда бұзылып, азаматтардың денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін.
«Осыған байланысты, сатып алынатын тауарлардың сапасын және сертификатын тексеру қажеттігіне назарларыңызды аударамыз», - деп ескертті ведомство өкілдері.