Павлодарда спектакль кезінде ер адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол театрда сахна құрастырушысы қызметін атқарған

Фото ашық дереккөзден

Павлодарда спектакль кезінде ер адам көз жұмды. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай А.П. Чехов атындағы облыстық драма театрында жексенбілік қойылым кезінде болған. Қойылымның екінші бөлімі аяқталмастан, көрермендер залдан шығарылды.

«Астана көшесі, 166 мекенжайы бойынша сағат 18:40-та қоңырау түсті», – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінде.

Театр директоры Виктор Аввакумовтың айтуынша, марқұм 43 жаста болған. Театрда сахна құрастырушысы қызметін атқарған. Ер адам тромб үзіліп кету салдарынан көз жұмған. Жерлеу рәсімі сәрсенбі, 25 қаңтарда өтеді.