«20 мың доллар пара алған»: Қорғаныс министрлігінің қызметкері ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды

Фото ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігінің департамент басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Антикор Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұзып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілініп отыр», - делінген хабарламада.