Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
Қарағандыдағы Крылов көшесінде ер адам үсіп қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq ruhy "Вечерняя Караганда" басылымына сілтеме жасап.
"Ер адамның денесі бүгін таңертең (20 қаңтар – ҚазТАГ) табылды. Оның денесінен зорлық-зомбылықтың іздері табылған жоқ. Куәгерлердің айтуынша, жақсы киінген адам болған, ішімдік ішкен болуы мүмкін", - делінген жұма күнгі хабарламада.
Белгілі болғандай, түнде белгісіз адам жол жиегіне құлап, содан оянбаған.
Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.