Ол 2022 жылдың 21 сәуірінде ұсталған болатын
Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергеннің қамаудағы мерзімі екі айға ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 20 қаңтардағы шешімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, . қылмыстық істі тергеу материалдарымен танысу кезеңінде Қ.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімі 2 ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 21 наурызына дейін ұзартылды», - деп хабарлады Алматы қалалық соты.
Еске салайық, Қайрат Құдайберген 2022 жылдың 21 сәуірінде ұсталған болатын. Ол 2022 жылдың қаңтарында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды және оларға қатысты деген күдікке ілінді. Тергеу дерегінше, Құдайберген Алматыда Арман Жұмагелдиевпен бірге «Қазақстан» қонақүйінде бас қосу ұйымдастырып, Жұмагелдиевтің төңірегіне топтасып, оны қолдауға шақырып, билікке ортақ талаптар қойған.