Алматыда жас жігіт сүйіктісін өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды 

Фотоколлаж

Алматыда жас жігіт кісі өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

БАҚ-тың мәліметінше, жігіт алдымен көлік салонында отырған қызын өлтірген. Содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлайды.

«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтірудің мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.