Екібастұз көшелерінің бірінен әйел адамның денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Әйелдің жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Екібастұз көшелерінің бірінен әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласының Беркімбаев көшесінен белгісіз әйелдің денесі табылған.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.