Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
Ақмола облысы Зеренді аудандық соты сеніп тапсырған бөтен мүлікті талан-таражға салған бас есепшіге қатысты сот үкімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сот үкімімен квазимемлекеттік сектор кәсіпорнының бас есепшісі өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен мүлікті талан-таражға салғаны, яғни аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) кінәлі деп танылды.
«Б»-ға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды. Жұмыс берушінің пайдасына 12 миллион тенге залал өндіріп алынды», - делінген хабарламада.
Бпелгілі болғандай, бас есепші бірнеше жыл бойы өзіне және туыстарына асыра көрсетілген жалақыны банктік карточкаларына негізсіз аударып келген.
«Б»-нің кінәсі мойындау айғақтары, банктен үзінділер, куәлардың айғақтары, сот экономикалық сараптамасының қорытындысы және басқа да дәлелдемелермен дәлелденген», - делінген сот хабарламасында.
Жазаны тағайындау кезінде сот жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін (сыбайлас жемқорлық қылмысы және заңмен шартты жаза тағайындау қарастырылмаған), шын ниетпен өкiнгенін, залалды ішінара өтегенін ескерді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.