Тұрғындардың сауда орталығына бұлай ағылып келуіне аяқ киімге жеңілдік болады деген хабарлама себеп болған
Әлеуметтік желіде Ақтаудағы сауда орталығынының бірінде жаппай жеңілдіктің салдарынан ұзын-сонар кезек пайда болған. Онда келушілердің бір-бірін итермеуді өтініп, айқайлап жатқаны видеоға түсіп қалған деп, хабарлайды Azattyq Ruhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғындрдың сауда орталығына бұлай ағылып келуіне бір күн бұрын әлеуметтік желілерде аяқ киімнің бағасы 3 мың мен 7 мың теңге аралығында сатылады деген хабарлама себеп болған.