Жетісу облысында үш айлық қыз бала пышақ жарақатынан көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды

 

Фото: pixabay.com

Жетісу облысында жантүршігерлік оқиға болды. Панфилов ауданында үш айлық қыз бала пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиға бүгін Жаркент қаласында болған. 

Полиция департаменті жаға ұстатар жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жаркент қаласында нәрестеге пышақ жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі (жас адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды.

Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді»,- деп мәлімдеді Жетісу облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пышақ жарақтын алған нәресте шұғыл ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.