Бұл ақпаратты Түркістан облысы спорт басқармасы растады
Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, қыршын кеткен қазақтың талантты ұлы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов өмірден озды. Бұл ақпаратты Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы растады.
Сейілхан Саттарханұлы 1949 жылы 19-шы қыркүйекте Түркістанда дүниеге келген. 1970 жылы Сырлыкүл анамен отау құрған, 4 баланың әкесі. Оның кенже ұлы Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында өмірге келді. 20 жасында өмірден озған спортшының Бағдат, Болат, Мақсат есімді ағалары бар.
2019 жылдың 5 шілдесі. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың олимпиада чемпионы (марқұм) Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханұлымен, анасы Сырлыкүл Саттархановамен, Бекзаттың рөлін сомдаған актер Самат Әзімқұловпен кездесуі, фото - egemen.kz