«Заңсыз бұйрықтар берген»: Бас прокурор бұрынғы Қорғаныс министріне қатысты тың дерек айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Әскери сотта бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтан жауап алынып жатыр

Фото: Экспресс К

Қаңтар оқиғасы кезінде бұрынғы Қорғаныс министрі заңсыз бұйрықтар берген. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор Берік Асылов Қорғаныс экс-министрі Мұрат Бектановқа қатысты тың деректі жариялады.

«Әскери сотта бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтан жауап алынып жатыр. Төтенше жағдай кезінде ол заңсыз бұйрықтар берген әрі тергеу оны әскери стратегиялық нысандарды қорғаусыз қалдырды деп санайды. Бұрынғы Қорғаныс министрі елімізде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдаған жоқ», - деді Бас прокурор.