Қазақстанда үш күнде 9 адам жол-көлік апатынан қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Барлығы 116 адам апаттан зардап шеккен

Коллаж: Azattyq Ruhy

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың алғашқы үш күнінде жол-көлік апатынан 9 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел деректері бойынша 2023 жылдың алғашқы 3 күнінде ҚР жолдарында және өңірлердің төтенше жағдайлар қызметі қызмет көрсеткен 116 адам апаттан зардап шеккен.

«Зардап шеккендер ішінде 26 бала, 3 жүкті әйел, 76 адам стационарға жеткізілді, 9 адам қаза тапты», - делінген хабарламада.

Жолда зардап шеккендердің бәріне амбулаториялық және стационарлық деңгейде білікті медициналық көмек көрсетіледі.