Қауіпсіздік қызметкерлері қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесін ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстанның ішкі істер министрлігі Ресейдің ішкі істер министрлігімен және Федералдық қауіпсіздік қызметімен бірлесіп Байқоңыр қаласында бірлескен арнайы операция жүргізді. Бұл туралы ҚР ҰҚК ресми өкілі Аркен Әбдіғали мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
«2022 жылғы 3 қаңтарда ҚР ҰҚК мен ІІМ Ресейлік Федералдық қауіпсіздік қызметі және ІІМ-мен бірге Байқоңыр қаласында құрамына Қазақстан және Ресей азаматтары кірген қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша бірлескен арнайы операцияны іске асырды.
Бір уақытта Астана, Қызылорда және Қонаев қалаларында аталған топтың көмекшілері ұсталды.
Жалпы арнайы операция барсында ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 басшылары мен белсенді мүшелері ұсталды», - деді Аркен Әбдіғали.
Оның айтуынша, күдіктілерддің тұрғылықты жерлері бойынша атыс қаруы, ақшалай қаржы және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де материалдар алынды.
«Қылмыстық топтың адам ұрлауға, бопсалауға, қарумен қарақшылық шабуылдау және ұрлыққа қатыстылығы бары анықталды. Қазіргі уақытта сот алды тергеу аясында ұсталғандардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде және қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», - деп сөзін түйіндеді ҚР ҰҚК ресми өкілі.
Видео ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен