Ақтөбеде әйел адам үстіне қоқыс контейнері үстіне құлап мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Контейнерді тиеп жатқанда «КамАЗ» көлігінің көтергіш механизмі істен шығып, жұмыскердің үстіне құлаған

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбеде қоқыс контейнері үстіне құлап кеткен әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 1 қаңтарда болған.

«102» телефонына «103» операторынан Сәңкібай батыр даңғылындағы үйдің ауласында адамға қоқыс жәшігі құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-тергеу тобы контейнерді тиеу кезінде «КамАЗ» көлігінің көтергіш механизмі бұзылып, металл қоқыс контейнері ЖШС-нің 38 жастағы қоқыс жинау қызметкеріне құлағанын анықтады. Бірнеше сағаттан кейін әйел алған жарақаттарынан қаланың Көпсалалы облыстық ауруханасында қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Аталған дерек  бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігімен «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» сотқа дейінгі тергеу басталды.