Астанада өтіп жатқан сот отырысына журналистермен қатар, Боранбаевтың қызы Алима Қайрат та қатысты
Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Назгүл Бапақова бизнесмен Қайрат Боранбаевтың оны үйқамаққа шығару туралы талап арызын қабылдаған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Боранбаевтың адвокаты талап арызда уақытша қамау изоляторында отырған бизнесменнің денсаулығында кінәрат барын, Боранбаевтың мемлекетке келтірген шығынды толық өтеп бергенін, асырауында кәмелет жасына толмаған екі баласы мен қарт анасы барын алға тартқан.
Судья Боранбаевтың ісі аса ауыр қылмыстар қатарына жататынын, денсаулығы нашарласа қамау орнындағы медициналық көмекке жүгіне алатынын алға тартқан.