Ақтөбе облысында мектеп автобусы жүк көлігіне соғылып, бір адам қаза тапты

Автор: Аягөз Құрмаш

Қайғылы оқиға 28 желтоқсанда кешкі уақытта болған

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбе – Астрахань тасжолында мектеп автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, оқиға 28 желтоқсанда кешкі уақытта болған.

«ПАЗ мектеп автобусының 62 жастағы жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан шыққан кезде негізгі жол бойымен келе жатқан көлікке жол бермей, DAF жүк көлігімен соқтығысқан, Апат салдарынан автобус жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, автобус салонында жүргізушіден басқа ешкім болмаған.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.