Қарағандыда мас ер адам өзгенің көлігін жағып жіберген

Автор: Azattyq Rýhy

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 45 жастағы күдікті ұсталды

Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда мас ер адам өзгенің көлігін жағып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстүк-Шығыс ПБ-ға 36 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші түнде көпқабатты үйдің ауласында көлігін қалдырғанын айтты. Түнгі 02:00 шамасында кенеттен көлігі оталған. Анықталғандай, көліктің электр сымдарын әдейі жағып жіберген.

Оқиға орнынан отын қалдығы табылды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Қаскүнем көлікті мас күйінде өртегенін түсіндірді.

ҚР ҚК-нің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.