Ақтауда WhatsApp желісі арқылы бойжеткенді балағаттаған тұрғын жазаланды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот үкімімен ер адамға айыппұл салынды

Ақтау арнайы әкімшілік соты WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы қыз баланы балағаттаған тұрғынға үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс материалдарында ер адамның WhatsApp желісі арқылы қыз балаға балағаттаған хабарлама жібергені айтылады. Хабарлама мәтіні жария етілмегенімен, онда бойжеткеннің ар-намысына тиетін сөздер жазылғаны айтылады. 

Сотта ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлімі (Ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 13 255 теңге көлемінде айыппұл салынды.