Фура Қырғызстан азаматына тиесілі
Ақтөбе облысында жолда ауыр жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 ақпан «Самара – Шымкент» автожолымен Арал жолында Мерседес (фура) жүк автокөлігінің жүргізушісі жолдың 1155 шақырымында ауа райынан жүк түйілген көлікті басқара алмай, жолдың жиегіне бір бүйіріне аударылды. Көлік жүргізушісі - Қырғызстан азаматы.
Көліктің бұзылуына байланысты әлі жолдың жиегінен алып шыққан жоқ. Ырғыз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күні-түні жүргізушінің қасында болып, оған барынша қолдау көрсетіп жатыр.