Ол кәсіпкердің ұлы отырған көлікті аңдыған
Элон Маск Twitter боттарының қожайыны, көптеген кәсіпкерлердің жеке ұшақтарының, соның ішінде Маскты да бақылап отырған 20 жастағы студент Джек Суиниді сотқа береді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Суинидің аккаунттары бір күн бұрын қайта бұғатталған. Дегенмен, әлеуметтік желі нақты уақыт режимінде орналасқан жер туралы мәліметтерді жариялауға тыйым салатын ережелерді өзгертті.
Илон Маск қараша айында сөз бостандығына ашық екенін айтып, ол өзінің ұшағын бақылайтын аккаунтты бұғаттамайтынын айтқан.
Бірақ, миллиардер белгісіз бір адам оның ұлы отырған көлікті аңдығаннан кейін өз ойын өзгерткен.