Өрт кезінде үйде ересектер болмаған
Усолка шағын ауданында орын алған өртке байланысты тергеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Қайрат Шаймарденовтің сөзінше, өрт кезінде үйде ересектер болмаған.
«Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына балалардың тентектігі, сіріңкемен ойнауы себеп болған. Аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, сараптамалар тағайындалды», - деді Қайрат Шаймарденов.
Естеріңізге салайық, Усолка шағын ауданында екі қабатты кірпіш үйдің бірінші қабатында өрт шығып, 2021 жылы туған баланың күйік шалған денесі табылды. Сонымен қатар, үйде 2017 жылғы ұл мен 2008 жылғы қыз бала болған.