Террористер әйгілі Рождестволық базарда шабуыл жасауды жоспарлаған
Францияның Страсбургінде полиция Ресей мен Тәжікстаннан келген жеті адамды террористік актілерді дайындады деген күдікпен қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy Franceinfo-ға сілтеме жасап.
Олардың бесеуі туралы арнайы қызметтер бұрыннан білген, оларды радикалды исламға жанашыр адамдар қатарына қосқан.
Қалған екеуі жақында ғана елге кірген. Барлау агенттіктері террористердің мақсаты Төменгі Рейн департаментіндегі атақты Рождество базары болуы керек деп санайды. Бұл - исламистер арасындағы танымал мақсат.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Германияда мемлекеттік төңкерістің дайындалғаны әшкереленген болатын.