$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.12.2022, 13:17
Оқиғалар

Астанада оқушы мектепке «мина қойдым» деп хабарлаған

Жасөспірімнің заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданады

Астанада оқушы мектепке «мина қойдым» деп хабарлаған
Фото: ашық дереккөзден

Елордада жасөспірім мектепке «мина қойылды» деп полицияға жалған ақпарат берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 желтоқсанда әлеуметтік желілер мониторингі барысында Төле би көшесіндегі мектептердiң бiрiнде террористік акті болатыны туралы хабарлама анықталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Мектеп ғимаратын тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылмады, іс-шара эвакуациясыз өткізілді, қауіп жойылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жалған ақпарат таратқан адамды анықтады. Ол осы мектептің 13 жастағы оқушысы болып шықты. Жасөспірім осылайша сабақ болмасын деп әзілдегенін түсіндірді.

Ювеналды полицияның инспекторлары мен баланың ата-анасының көзінше жасөспіріммен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады.

Серіктес жаңалықтары