Екі айдан соң коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ҚХР Ғылым және техника министрінің орынбасары айтты

Қытай ғалымдары коронавирусқа қарсы  вакцинаны сәуір айының соңына дейін клиникалық сынақтарға дайындайды Бұл туралы жұма күні өткен брифинг кезінде ҚХР Ғылым және техника Министрінің орынбасары Сюй Наньпин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Кешенді зерттеулерге сәйкес, вакцина сәуірдің соңғы онкүндігінде  клиникалық сынақтарға беріледі», - деді ол.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирустан көз жұмғандардың саны  2.236 адамға жетті.