Алматыда таңертең мектепке кеткен 9 жасар қыз бала жоғалып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция Айша Тимурды көрген-білгендер болса, дереу хабарласуды сұрайды

Фото: polisia.kz

Алматы полициясы бүгін жоғалып кеткен 9 жасар қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 9 жасар Айша Тимур бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылы бойындағы үйінен Алматының Түрксіб ауданында орналасқан мектепке шығып кеткен.

Барлық полиция жасақтары бағдарланған, іздеуге Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және оқиғаға бей-жай қарамайтын адамдар жұмылдырылды.

«Қыз бала арықтау келген, шашы қара түсті. Үстінде қызғылт күртеше, мектеп юбкасы, қара етік және көк қалпақ болған. Жоғалған қыздың арқасында қызыл сөмкесі болған», - делінген хабарламада.

Алматы қаласының полициясы қыздың жүрген жері, қайда екені немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын мына телефондар арқылы дереу хабарлауға шақырады: 298-54-02; 8-702-730-07-08 немесе “102”.