Қару Алматы қаласының қару-жарақ дүкенінен ұрланған тізімде көрсетілген
Алматы облысының полицейлері тұрғыннан ұрланған қаруды тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
5 желтоқсанда 17:30 шамасында Алматы облысы ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Іле ауданының КазЦИК ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ұсталған адамның автокөлігін тінту барысында «Манлихер» атыс мылтығы табылып, тәркіленді.
Айта кетейік, тәркіленген қару Алматы қаласының қару-жарақ дүкенінен ұрланған тізімде көрсетілген.
«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Іле ауданы Полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді. Күдікті ҰУИ-ға қамауға алынды. Барлық қажетті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық полиция.