Оған химиялық кастрация жасалады
Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды зорлаған педофилге химиялық жолмен кастрация жасалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отыз төрт жастағы қылмыскер – Алматы қаласының тұрғыны. Енді қаскөй 20 жылын түрмеде өткізеді. Жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Оған өмір бойына педагогикалық қызметте және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынды.
«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны айыпты деп тапты. Сот отырысы жабық түрде өтті. Сотталған азаматқа қатысты өзге ақпараттарды жариялауға болмайды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметі.