Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

islamnews.ru

Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«30 қарашада облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 8 жылдан астам сот төрелігінен жасырынған Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Орынбор облысының 35 жастағы тұрғыны Ақтөбе қаласындағы жиһаз цехтарының бірінде ұсталды», - делінген polisia.kz Телеграм-каналында.

Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі «Зорлау» бойынша іздеуде жүрген.

Қазіргі уақытта ұсталған адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.