Қару қоймасы қосалқы бөлмеде жасырылған
Алматы полициясы ер адамнан қару-жарақ арсеналын тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Арнайы іс-шараны Алматы қаласы бойынша ҰҚКД өкілдерінің көмегімен алматының ҰҚКБ қызметкерлері жүргізді.
«38 жастағы Ж.есімді азамат ұсталды. Оның үйінен сегіз мылтықты карабин, бір мылтық, оптикалық көздеуіш және екі аңшылық пышағы табылды және тәркіленді. Қару қоймасы қосалқы бөлмеде жасырылған. Жедел мәліметтерге сәйкес, бұл арсенал осы жылдың қаңтар айында шаһардағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен ұрланған», – деді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.