Ұсталғандардан 1 келі 280 грамм «героин» есірткісі табылды
Жамбыл облысында ауқымды арнайы операция барысында есірткі өткізумен айналысқан қылмыстық топтың 6 қатысушысы бір уақытта ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жамбыл облысының Полиция департаменті прокуратурасымен бірлесіп ұзақмерзімді жедел іс-шаралар нәтижесінде Жамбыл өңірінде аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын өткізумен айналысатын ұлтаралық қылмыстық топқа қатысты ауқымды арнайы операция жүргізілді.
«2022 жылғы 30 қарашада қылмыстық топтың 6 қатысушысын бір мезгілде ұстау операциясы жүргізілді. Тінту шаралары барысында ұсталғандардан 1 келі 280 грамм «героин» есірткісі, сондай-ақ «гашиш» есірткі заты, «кептірілген марихуана» және синтетикалық есірткі тәркіленді», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.