Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 30 қарашада Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері мен Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қару-жарақ сақталған орын табылды.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер Калашников автоматының 3 бірлігін, Макаров жауынгерлік тапаншасын, 2 граната мен 100-ден астам түрлі патрондарды тауып, тәркіледі», - делінген хабарламада.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Іле ауданы Полиция басқармасында тіркелді.