Өрттің шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы
Павлодарда аула ішінде автокөлік өртеніп кетті. Оқиға Мәшһүр Жүсіп көшесі, 13 мекенжайында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz –ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабар бүгін, 28 қараша күні сағат 08:22-де келіп түскен.
«Ашық алаңда 1995 жылы шыққан Volkswagen Passat маркалы автокөлік толығымен жанып кетті. Өрт 4 шаршы метр аумақты қамтыды. Сағат 08:43-те толығымен сөндірілді», - деді департаментте.
Ведомтвоның хабарлауынша, көлік иесі 1987 жылғы азамат. Көлікте ұнтақты өрт сөндіргіш құрал болған, бірақ қолданылмаған.
Өрттің шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Шығын есептеліп жатыр.
Оқиға орнына 1 техника мен 6 қызметкер жұмылдырылды.