Қарағанды дүкенінде әйел адамның ұрлық жасаған сәті камераға түсіп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

42 жастағы әйел ұсталды

Қарағанды дүкенінде әйел адамның ұрлық жасаған сәті камераға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды қаласы ПБ-ға Октябрь полиция бөліміне қала тұрғынынан арыз түсті. Арызданушы ​супермаркеттердің біріне барғанын және сауда бөліміне кірмес бұрын ​көзге арналған массаж жабдығы бар дорбасын зат ​сақтау камерасының ұяшығында қалдырған. Сауда жасап шыққан ол, белгісіз біреу зат сақтау камерасының ​ұяшығын ашып оның дорбасын ұрлап кеткенін анықтаған.

​Жәбірленуші шыққан шығынын ​245 мың теңгеге бағалады. Полицияда осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиға орнынан полицейлер бейнебақылау камерасының ​жазбасын тәркілеп алды. Камерада ​бір әйел зат сақтау камерасының ұяшықтарына жақын келіп, біраз уақыт ойланып, содан кейін жәбірленушінің ​мүлкі ​ салынған ​​ ұяшықты ашады. Оның ұяшық ішіндегі бөтеннің дорбасын ​ашып көріп ​”олжасын” алып​ кеткен ​ұрлық сәті​ камераға түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бұрын құқық қорғау органдарының назарына түспеген күдікті 42 жастағы әйелді анықтап, ұстады.

Ол медициналық жабдықты алғаннан кейін оны қалай қолдануға болатындығын білмейтінін айтып, түсіндіріп, кінәсін ​ мойындады. Заттай дәлелдеме алынып, жәбірленуші тарапқа қайтарылды.