Астанада автокөлік өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

Фото: баспасөз қызметінен

Елордада Республика даңғылында Audi маркалы автокөлік өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 19 ақпан күні сағат 17:55-те Нұр-Сұлтан қаласы өрт сөндіру қызметінің пультіне Республика және Кенесары көшелерінің қиылысында автокөлік өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде Audi маркалы автокөлік жанып жатқан. Жедел іс-қимыл арқылы өрт 18:06-да тоқтатылды.Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді ТЖК өкілдері.