Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы 4 жолаушы жарақат алған

Мұғалжар ауданы Елек ауылының жанындағы «Ақтөбе – Астрахань» автожолында ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Lada қарсы бағыттағы Kia Sorento көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 6 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Kia автокөлігінің 4 жолаушысы дене жарақатын алды», - деді ЖПҚБ бастығының орынбасары Айдос Құлжанов.