Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Іздеу жұмыстары төртінші күн жалғасып жатыр
 

Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Vita» Павлодар қаласының іздеушілер жасағының мәліметінше, 18 қарашада 17 жастағы Гауһар Әбдірахманова Олжабай батыр (бұрынғы Мир) көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, жоғалып кеткен.

Бойжеткен ұзын қара күрте, сұр шалбар және қара спорттық аяқ киім киген. Қолында күміс түстес жылтыр сөмке болды. Бойы шамамен 165 сантиметр.

Жоғалған қыз туралы +7 747 615 55 63 (Катерина), +7 777 334 82 01 (Светлана), немесе 102 телефондарына хабарласуға болады.