Павлодарда жол апатынан жас жігіт көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

29 жастағы жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болған

Павлодарда жол апатынан жас жігіт көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы Сәтбаев пен Есенәлиев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

21 қараша күні сағат 04:25 шамасында Сәтбаев пен Есенәлиев көшелерінің қиылысында Toyota Camry көлігінің 29 жастағы жүргізуші жол қоршауына, кейін қозғалысты жалғастыра отырып, жарықтандыру тірегіне, ағашқа және үйдің қоршауына соқтығысқан. 

Жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.

ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.