Төтенше жағдайлар министрлігі әріптестерінің қазасын хабарлап, оның отбасына көңіл айтты
16 қараша күні Астанада өртке оранған үш бөлмелі пәтердің тұрғындарын құтқарған өрт сөндіруші Асқар Забикулин бүгін, 20 қараша күні көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Денесінің 80 пайызын күйік шалған ол Астана қалалық №1 көпсалалы қалалық ауруханасының реанимация бөлімінде ауыр хәлде жатқан еді.
Төтенше жағдайлар министрлігі әріптестерінің қазасын хабарлап, оның отбасына көңіл айтты. Бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен Асқардың отбасына жаңа пәтер берілген болатын.