Күдікті әлі ұсталмаған
16 қараша күні кешкі уақытта Талдықорған қаласында белгісіз ер адам 12 жасар қыздың ізіне түсіп, тиіспек болған, деп хабаралайды Azattyq Ruhy.
Жетісу облысы полициясы оқушының зардап шекпегенін мәлім етті. Бірақ, күдікті әлі ұсталмаған.
«Қазіргі уақытта аталған факт бойынша күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Арнайы іс-шаралар Талдықорған қаласы полициясының күшімен жүзеге асырылуда, оларға облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері де қосылды. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, іс департаменттің ерекше бақылауына алынған»,-деп мәлімдеді Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі.