Пара алды деп айыпталған Бақытгүл Хаменоваға сот үкім шығарды

Автор: Әйгерім Ердәулет

Сот алдындағы соңғы өзінде Хаменова өзін ақтауды сұраған болатын

Фото: zakon.kz

№ 2 Атырау қалалық соты Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сот Бақытгүл Хаменованы пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ асырауында кәмелет жасына толмаған баласының болуына байланысты жазаны өтеу 3 жылға кейінге қалдырылды.     

Өткен жылы Хаменова Атырауда Абай ескерткішін дайындау және орнату бойынша 145 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге сомасында пара алды деп күдікке ілініп, қамауға алынған.