Ер адам 5 қарашада үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған
Оралда орманға саңырауқұлақ іздеп кеткен ер адам бес күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адам 5 қарашада үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
«Орал қаласының тұрғыны, 1949 жылы туған Б. есімді ер адам саңырауқұлақ теру үшін орманға кетіп, қайтып оралмаған. 6 қарашада туыстары көмек сұрап жүгінді. 6 қарашадан бастап Перевалочная тоғайы аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, қарт адам орманға саңырауқұлақ іздеп кетіп, қайтып оралмаған. Туыстарының айтуынша, жоғалған адам ішімдік ішпеген, дегенмен жасына орай есте сақтау қабілеті нашарлаған.
Алайда оның ұялы телефоны болмағаны белгілі болды.
Ер адамды іздеуге 60-тан астам адам мен бірнеше техника жұмылдырылған.