Оқиғадан зардап шеккендер жоқ
Май ауданында шөпке шыққан трактор суға түсіп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қараша күні шамамен сағат 13:00-де «Кенже» ШҚ механизаторы қар аралас жаңбырға қарамастан, Баскөл ауылындағы паромның үстінде трактормен тоғайға шөпке шыққан.
«Алайда трактор ауа райының қолайсыздығынан паромнан сырғанап түсіп кеткен. Жүргізушінің өзі паромның үстінде қалған», - дейді департаментте.
Ауыл азаматтары шамамен екі сағаттан соң басқа трактормен тросс арқылы тракторды судан шығарып алған. Паром жұмысын тоқтатты.