Оны ҰҚК өкілдері 2019 жылдың қазанында ұстаған
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар 1973 жылы туған Б.Исмайлов есімді азаматтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.
Атап айтқанда, Тараз қаласының тұрғыны Б.Исмайловтың аса көлемді «гашиш» есірткі затын Ақтөбе қаласына жеткізбек, таратпақ болғаны анықталды. 2019 жылдың 9 қазанында Б.Исмайлов ұсталып, одан 2,3 келі гашиш есірткісі тәркіленген.
«2020 жылы 16 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Б.Исмайлов ҚР ҚК 297 тармағы 3 бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеу үшін 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді», - делінген хабарламада.