Қазіргі кезде тексеріс жүргізіліп жатыр
Павлодарда жол апатында жасөспірім қыз зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 9 қарашада Лимонная көшесіне қарсы үйдің аумағында болған.
«Сағат 07.30-да «Volksvagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі 2008 жылы туған қызды қағып кеткен. Жасөспірім жолдың реттелмейтін бөлігінен өтіп бара жатқан. Жол апаты салдарынан қыз бала жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде тексеріс жүргізіліп жатыр.
Облыстық жедел жәрдем станциясында зардап шеккен қыздың облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Жарақаты ауры емес.
Жедел жәрдем көлігі алты минутта жеткен.