Жетісу облысында 13 жастағы қызды ағасы зорлаған

Автор: Әйгерім Ердәулет

Ол жәбірленушінің туған нағашысы болып келеді

Фото: esp.md

Жетісу облысында 13 жастағы қызды зорлаған туған нағашысының ісі Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аталған іске байланысты сот процесі жүріп жатыр.

«Оқиға 2022 жылдың 2 тамызында Ескелді ауданы Қаратал ауылында болған. Сотталушы – 1979 жылғы ер адам. Ол 13 жастағы жәбірленушінің туған нағашысы болып келеді. Қазір аталған іс Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі (Жас балаға күш қолданып, дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасаған) бойынша соттың қарауында», -  делінген Жетісу облыстық ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.