Әлия Ерманованы Полиция департаментінің бастығы марапаттады
Ақтөбе облысында адам өлтіруге оқталған қылмыскерді ұстаған күзет агенттігінің қызметкері марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ведомство басшысы Абай Жүсіпов ірі сауда орталығының аумағында жігітті өлтірмек болған күдіктіні ұстаған Әлия Ермановаға алғысын білдірді.
«22 қазан күні сағат 17.30 шамасында күдікті Ақтөбедегі ірі сауда ойын-сауық орталығының бірінде 19 жастағы жігіттің мойнына пышақпен 2 рет соққы жасаған. Жәбірленуші жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілген», - делінген хабарламада.