Петропавлда көпқабатты үй өртеніп, зейнеткер қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз

Петропавлда вокзал маңындағы 9 қабатты үйлердің бірі өртеніп, оқиға орнынан 84 жастағы зейнеткердің мүрдесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Кошуков көшесіндегі 7 үйдің 2-ші подъезі отқа оранған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде пәтерлердің бірінде жиһаз бен үйдегі заттар жанып жатқан. Подъезден барлығы 8 адам эвакуацияланған. Оның екеуі бала. Өртті сөндіру кезінде 1936 жылы туған зейнеткердің мүрдесі табылды.

Қызыл жалынды ауыздықтау жұмыстарына төтенше жағдай қызметінің жеке құрамынан 20 адам мен 6 техника жұмылдырылған. Өрттің жалпы аумағы 18 шаршы метр. Келтірілген шығын көлемі есептелуде. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО