Шымкентте мектепке жұмысқа кірмек болған бойжеткен жарты млн теңгесінен айырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қыз қолында дипломы бола тұра алаяққа алданып қалған

 

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте мектепке жұмысқа тұрмақ болған бойжеткен алаяққа алданып, ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, мектепке математика пәнінен мұғалім болып кірмек болған бойжеткен қолында дипломы бола тұра алаяққа алданып қалған. 

«Абай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық құрбаны болғаны туралы арызбен жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, кездейсоқ танысы оған мектепте математика мұғалімі болып жұмысқа тұруға уәде беріп, «қызметі» үшін 450 мың теңге алып кеткен. Алайда сол күйі уәдесін орындамастан, із суытқан», - делінген хабарламада.

Тергеушілер аталған деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «алаяқтық» бойынша тіркеді.

Жедел іс-шаралар барысында 41 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.